Қазіргі уақытта 65 жастағы ер адам ауруханада жатыр.
ERNUR.KZ. Қарағандылық ер адам жәндіктің кесірінен жол апатына ұшырады. Оқиға бүгін таңғы сағат 11 шамасында Н. Әбдіров даңғылында болған, деп жазады stan.kz.
Куәгерлердің айтуынша, джип кенеттен жолдан шығып, ағашқа барып соғылған. Адамдар жүргізушінің жүрегі ұстап, есінен танды деп болжады. Алайда шын мәнінде оқиғаға жәндік кінәлі болып шықты.
Полицияның хабарлауынша, жүргізушіні ара шағып алған.
Қазіргі уақытта 65 жастағы ер адам ауруханада жатыр. Оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.