Қарағандыда полицей жол апатына кінәлі деп танылды

0
427

Сот үкімі бойынша патруль қызметкеріне 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.


Қарағандыда полицей жол апатына кінәлі деп танылды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық соты жол апатына ұшыраған патрульдік полиция көлігінің жүргізушісіне айыппұл салды, деп жазады sputnik.kz.

12 желтоқан күні Нұркен Әбдіров пен Ерубаев көшелерінің қиылысында жол полициясы ВАЗ маркалы көлікті бүйірінен соққан. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланы. Сол кезде екі жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы, 1-бөлігі (Материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша хаттама рәсімделген болатын. Бірақ сотта патрульдік полиция қызметкері жол апатына кінәлі деп танылды.
Сот материалына сәйкес, полицей жылтылдап тұратын жарықты және арнайы дыбыстық сигналды қосқан. Бірақ көше қиылысынан өткенде жол қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Осылайша, жол жүру ережесінің 6-бөлімі, 1-тармағында көрсетілген талапты бұзған. Ал ВАЗ көлігі бағдаршамның жасыл түсіне жүріп келе жатқан. Жол апаты кезінде екі көлік те зақымданды.
"Жол жүру ережесінің 6-бөлімі, 1-тармағына сәйкес, арнайы қызметтік көлікті тізгіндеген жүргізушілер жедел тапсырманы орындау кезінде жол қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жол жүру ережесінің талаптарын бұза алады. Басқа көліктердің жол беріп тұрғанына көз жеткізгеннен кейін ғана өз басымдығын пайдаланады", - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімі бойынша патруль қызметкеріне 20 айлық есептік көрсеткіш (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ал екінші көлік жүргізушінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жоқ. Сондықтан оған қатысты әкімшілік өндіріс тоқтатылды.