Қарағандыда жол бермей қойған жүргізуші ажал құшты

0
954

Жол апатына себепкер болған Volkswagen көлігіндегі 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді


Қарағандыда жол бермей қойған жүргізуші ажал құшты

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында 41 жастағы жүргізуші жол апатынан қаза тапты, деп жазады sputniknews.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көлік апатынан көз жұмған жүргізуші жол ережесін бұзған.

"27 ақпан күні 41 жастағы Volkswagen Golf көлігінің жүргізушісі қаладағы "15 магистраль" көшесіне шыққан кезде 25 жастағы жүргізуші тізгіндеген Toyota Camry автокөлігіне жол бермей, оны бүйірінен соққан. Соққының ауыр болғаны соншалық 41 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Volkswagen Golf көлігінде отырған 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жол апаты сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Жол ережесін бұзу" бабы бойынша тіркелді.