Карантинде қалааралық таксимен жолаушы тасымалдауды бақылау күшейтілді - Көлік комитеті

0
884

Елімізде карантин режимі енгізілген уақыттан бастап жолаушыларды қалааралық, облысаралық және қала ішіндегі қоғамдық көліктермен тасымалдауға уақытша шектеу енгізіліп, тоқтатылған.


Карантинде қалааралық таксимен жолаушы тасымалдауды бақылау күшейтілді - Көлік комитеті

ERNUR.KZ. Аумақтардағы Көлікті бақылау инспекциясы заңсыз жолаушы тасымалдаушыларға тосқауыл қою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.


«Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес карантин режимі енгізілген уақыттан бастап жолаушыларды қалааралық, облысаралық және қала ішіндегі қоғамдық көліктермен тасымалдауға уақытша шектеу енгізіліп, тоқтатылған. Осы орайда, карантин режиміне қарамастан заңсыз тасымалдаушылар пайда болып, халық арасында қауіпті індетті жұқтыруға жол берушілер көбеюіп кетті. Осындай заңсыз тасымалдаушылардың әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтардағы Көлікті бақылау инспекциясы күшейтілген режимде құзырлы органдармен бірлесе отырып жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.


Айта кетсек, Шымкенттегі көлікті бақылау инспекциясының ақпаратына сәйкес қала аумағында заңды түрде тіркелген 8 такси мекемесінің 2 000 көлігң жолаушыларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қала аумағында карантин енгізілген уақытта қаладағы қоғамдық автокөлік қозғалысы жолаушы ағымын ескере отырып таңғы сағат 07:00-ден бастап 11:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден бастап 20:00-ге дейін жүруіне рұқсат етілген. Басқа уақыттарда жолаушылар такси тасымалының қызметін пайдаланғандықтан, бұл қызметке деген сұраныс жоғарылаған.


«Алайда қала аумағында бұл мекемелерден басқа арнайы хабарлама берместен заңсыз қызмет көрсеткен «Яндекс» және «InDriver» жеке такси қызметі пайда болған. Бұл мекемелерде заңсыз қызмет көрсетіп жатқан 8 мыңға жуық автокөлік қызмет атқарады. Яғни Шымкент қаласы аумағындағы жылпы такси қызметінің 88 % пайызын құрайды.

Бұл жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың орта есеппен тапсырыстың құны 600 теңгені құраса, тәулігіне орта есеппен 64 000 тасымал қызметін жүзеге асырады. Яғни 1 тәулікте 32 млн теңге және айына 960 млн теңге қаржы көлеңкелі бизнеске айналып отыр», делінген хабарламада.


Бұл ретте, Шымкент қаласы бойынша Көлікті бақылау инспекциясы жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметіне бақылау жүргізді. Бір айлық бақылау жұмысы барысында жолаушыларды таксимен тасымалдау қызметінде 130 құқық бұзушылық анықталып отыр, бұл жалпы статистиканың 1,1% пайызы. Хабарламасыз жолаушылар тасымалдау қызметі, яғни ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігімен 20 әкімшілік іс қозғалып, шара қолдану үшін соттың қарауына жолданды.


«Сонымен қатар, аумақтарда жолаушыларды таксимен заңсыз тасымалдауға тосқауыл қою мақсатында, тиісті құзырлы органдармен бірлескен жұмыс тобын құрып, жылдың тамыз айының 1-ші он күндігінде кеңейтілген отырыс аясында жолаушыларды таксимен заңсыз тасымалдауды тоқтату шараларын талқылау жоспарланып отыр», делінген хабарламада.