"Карантиннен бас тартқан": Көкшетауда 71 жастағы зейнеткер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

0
688

71 жастағы зейнеткер "Минск - Нұр-Сұлтан" әуе рейсі арқылы елге оралған.


ERNUR.KZ. Көкшетау қаласында карантинге жатудан бас тартқан зейнеткерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады тengrinews.kz.

71 жастағы зейнеткер "Минск - Нұр-Сұлтан" әуе рейсі арқылы елге оралған. Алайда ол карантинге жатудан бас тартып, Көкшетау қаласындағы үйіне келіпті.

Санитарлық эпидемиологиялық станция мен жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерді тексеру үшін оның тұрғылықты мекен-жайына барған. Алайда ол есікті ашудан бас тартқан.

"Олар болған жағдайды Көкшетау қаласының полиция департаменті мен басқа да өкілетті органдарға хабарлаған. Төтенше жағдай қызметкерлері пәтердің есігін ашып, зейнеткерді емдеу мекемесіне карантинге жатқызған. Онда азаматтан анализ алынып, ол вирусологиялық зертханаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР қылмыстық кодексінің 304 бабы 1-тармағы (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.