Қарызға батқан қазақстандық жігіт жүрегін сатуға шығарды (видео)

0
610

​Ғаламторға қарызынан құтылу үшін ең маңызды дене мүшесін саудаға шығарған қазақстандық азаматтың жасы небәрі 27-де.


Қарызға батқан қазақстандық жігіт жүрегін сатуға шығарды (видео)

иллюстрациялық фото

Ол басында 3 жарым миллион теңге қарызы болғаны үшін осындай қадамға баруға мәжбүр екенін айтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жсап.

Жүрегін жарнамалайтындар өте сирек кездеседі. Бірақ бүйрегін, басқа да ағзасын сатуға ниеттілер көп. Өйткені елімізде донор жетіспейді. Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиохирургия орталығында 100-ден астам адам кезекте тұр. Жауқазынның өмірі 5 жылдан бері жасанды жүрекке тәуелді. Ол темір жүрегін иығындағы қара сөмкесіне салып 24 сағат бойы қызғыштай қорып жүреді. Өйткені қуаты бітсе, не су тисе, тіпті бір жері бүлініп қалса, аппарат қызметін кілт тоқтатуы мүмкін.

"5 жыл болды осы аппаратпен жүргеніме, аппараттың салмағы 3 кг. Круглосуточно менімен бірге, өйткені мына кабель арқылы жүрегімде орналасқан", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Жауқазын ЗЕЙНУЛЛАЕВА.

Жауқазын сияқты жүрегін алмастырғысы келетіндер, ел бойынша 3 мыңнан асады екен. Бірақ донар тапшы. Ғаламтордағы қара нарықта бүйрек сататындардан көз сүрінеді. Тіпті жүрегін саудаға қойған адамды да таптық. Айтуынша 3 жарым миллион теңге қарызын жабу үшін, осындай қадамға баруға мәжбүр болған. Бірақ бұл әрекетінен жақындары бейхабар екенін айтады.

"27-демін, әңгіме қателікте емес, тек менің зияным басқаларға тиіп жатыр да, менің әжеме, мамама, інім бар, қарындасым бар. Өтірік сөйлемей-ақ қояйын, қарызым болған соң істеп отырмын, едәуір қарызым барда. Қара: мен егер оны төлемесем сотталуым мүмкін, түсініп жатырсың ба, сотталғанннан гөрі оны сатқаным жақсы", - дейді донор жігіт.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының өкілдері тірі адамнан жүрек алуға заң бойынша тыйым салынғанын айтты. Тіпті мәйіттің өзінен алу үшін туыстарының рұқсаты маңызды деді. Дегенмен донор мәселесінің әлі күнге шешілмей келе жатқанына мамандар да алаңдаулы.

"Қазақстанда донорлықты көтеруіміз керек. Мұқтаж адамдарға көмек беруіміз керек. Қазір бізде медицина өте жақсы дамыған. Бізде барлық жағдай жасалған. Егер донор болса біз неше түрлі санаттағы күрделі оталарды жасауға дайынбыз", - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының кардиолог маманы, Гүлжан МЫРЗАХМЕТОВА.

Жалпы ел ішінде бүгінге дейін 81 мәйіттік донордың ағзасын салу отасы жасалған. Мұндай донорлыққа 2009 жылы заң жүзінде рұқсат етілді.