Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 күнге қамауға алынды

0
185

Шерзаттың әкесі мен оның қарындасы15 күнге қамауға алынды.


Қаржаубай Нұрымов пен оның қарындасы 15 күнге қамауға алынды

фото: Sputnik/Айдана Дайырова

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Алматы облысы соттары хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Оған қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтты, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қорлады, сондай-ақ айналасындағыларды сыйламады, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады және көлік құралдарының жүруіне кедергі келтірді (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) деген айып тағылды.
Қаржаубайдың қарындасы Бақыт Реймова да 15 күнге жабылған. Ол Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабының 8-бөлігі) әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның азаматтығы болмауына байланысты кейіннен Қазақстан Республикасынан шығару туралы шешім қабылданған.

Қаржаубайдың тағы бір бауыры Салтанат Нұрымоваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды.