Қазақстанның 20 ҮЕҰ өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден алады.
Бұл туралы "Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы" қоғамдық қорының "Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету" Республикалық жобасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасында шағын гранттар конкурсын бастауға арналған онлайн баспасөз-конференциясы барысында, жоба үйлестіріші, Алма Конарова айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жобаны іске асыру барысында ҚР-дағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жай-күйі бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу, сәтті кейстер жинау және ҚР-дағы әлеуметтік кәсіпорындардың деректер базасын құру, ҮЕҰ-конкурсқа қатысушылар үшін оқыту ВЕБИНАРЛАРЫН өткізу, сондай-ақ гранттық конкурс пен жобаны көпшілік таныстырылымдар, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық сүйемелдеу жоспарланған.
"Жыл қорытындысы бойынша қолдау тапқан жобалардың кем дегенде 30% - ы өзін-өзі қаржыландыру немесе жергілікті деңгейде қолдау арқылы, сондай-ақ осы жобаларды іске асыру аясында тұрақты жалғасатын болады деп жоспарлануда", - деді Алма Конарова.
Сондай-ақ, баспасөз конференциясына ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Гүлбара Сұлтанова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрайымы Лима Диас, Әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров және басқа да сарапшылар қатысты.
Гүлбара Сұлтанова өзінің құттықтау сөзінде мемлекеттің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және оны заңнамалық деңгейде қолдауға мүдделілігін атап өтті.
"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас шағын гранттар конкурсына қатысушыларды қолдау туралы:
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы шағын гранттар конкурсының барлық қатысушыларына әдіснамалық, консультациялық және ақпараттық қолдау бөлігінде толық қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді»
"Green TAL" әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы Эмин Әскеров жобаның барлық қатысушыларына консультациялық көмек көрсетуге дайын екенін білдіріп, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесі туралы айтты.
Баспасөз конференциясы барысында өтінім беру тәртібі бойынша сұрақтар қойылып, кураторлар толық жауап берді.
Баспасөз конференциясының соңында жоба кураторлары шағын гранттар конкурсының әлеуетті қатысушылары үшін алғашқы вебинарды өткізу жөніндегі хаттарды қабылдау күндерін атап өтті.
Байланыс: e-mail: CSPA-2013@yandex.com; +7 (777) 317 2544 (жобаның PR-маманы).
Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен "Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы" қоғамдық қорының жүзеге асыруда.