Экологтардың айтуынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды.
ERNUR.KZ. Приморье ауылының жағалауындағы су қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды, деп жазады, baq.kz.
Осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалды. Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған еді. Олар балықтарға еш қауіп төндірмейді.
2018 жылы 1-шағын ауданның жағалауында, "Шағала" қонақүйінен "Нұр плаза" жағажайына дейінгі теңіз суы да қызыл түске боялған.
Экологтардың айтуынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған.