Қыздар ашық теңізге 24 шілде күні шыққан.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде Каспий теңізіне үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Қыздар ашық теңізге 24 шілде күні шыққан.
«Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Полиция департаменті күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады» делінген баспасөз мәліметінде.