Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

0
615

Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін.


Каспий жағалауында 20 түйенің өлексесі табылды

ERNUR.KZ. Каспий жағалауынан 20 түйенің өлексесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Каспий теңізінің жағалауынан (Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер (ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен) 20 түйенің өлексесі табылды.

«Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып тастады. Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария стансасының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмысын қолға алып жатыр»,- делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.