​Каспий жағалауында шомылғандар айыппұл төлейді

0
1 732

Облыс мәслихатымен бекітілген бұл шешім 10 шілдеде күшіне енеді.


​Каспий жағалауында шомылғандар айыппұл төлейді
Каспийдің тыйым салынған жағалауларында шомылғандар айыппұл төлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Каспийдің өмірге қатерлі жағалауында шомылғандар енді 16 мыңнан бастап, 144 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Облыс мәслихатымен бекітілген бұл шешім 10 шілдеде күшіне енеді. Ақтауда шомылуға мүлдем тыйым салынған екі жағажай бар. Олар – Шора су арнасы мен 4 шағынаудандағы жартасты жағалау. Бұл жерлердің түбі терең әрі өткір тастарға толы. Ескерту жазылған қалқаншалар тұрғанымен, оған құлақ асып жатқан жан жоқ. Нәтижесінде жыл басынан бері 4 адам суға кеткен. Қазір осы жағажайларды ұшқыр катерлерге мінген құтқарушылар мен полицейлер бақылауға алды.

Владимир Арзютов, облыстық ТЖД «Шұғыл-құтқару жасағы» ММ басшысы:

– Шақырту алған құтқарушылар көмекке жеткенше, теңіз тұңғиығы адамды 4 минутта жұтып алады. Мұның алдын алу мақсатында өмірге қатерлі екі жағажайды қатаң бақылауға алдық. Суға кеткен адамды іздеп жүргенімізді көре тұра, сол маңда адамдар шомылып жүреді. Жағдайды тек әкімшілік жазаға тарту арқылы түзетуден басқа амалымыз жоқ.