Қасым-Жомар Тоқаев Nur Otan-ды сынға алды

0
542

Президент биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету өзінің конституциялық міндеті санайтынын айтты.


Қасым-Жомар Тоқаев Nur Otan-ды сынға алды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan-ның Съезінде мемлекет басшысы ретінде өзін ашық әрі адал саяси бәсекелестікке кепіл болатынын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

Мен елді жан-жақты жаңғыртудың ауқымды күн тәртібін ұсындым. Nur Otan оны іске асыруға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс. Бірақ бұл үшін Nur Otan өзі жаңаруы тиіс. Бұл косметикалық қайта жүктеуді емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді.Қ. Тоқаев

Осыған орай Президент биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету өзінің конституциялық міндеті санайтынын айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомар Тоқаев партия төрағалығына қатысты әңгімеге кейінірек қайтып оралатынын айтып қалды.

Бұл жағдайлар, әрине, президенттің кез-келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын болжайды. Сондықтан біраз уақыттан кейін, мүмкін, осы жылдың соңына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз.