Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына ұшып келген болатын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұдан алдын Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Қостанай облысына ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.
Мемлекет басшысы сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады.