Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыға түсті

0
623

Әзірге Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің Weibo желісінде жарияланған ақпарат жазбаны 1200-ден астам адам бөлісіп, 600-ден астам адам пікір қалдырған, 15 мыңнан астам лайк жинаған.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыға түсті

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа 2022 жылғы Жолдауын жариялады. Құжат елде ғана емес, көршілес Қытай елінде де әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударып, талқыға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қытайдағы WEIBO әлеуметтік желісінде Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігі жариялаған ақпарат парақшасында Қытайдың көптеген желі қолданушылары Президент Тоқаевтың Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Қытайлық пікірлердің көпшілігінде президент Тоқаевтың реформалық шешімдері жоғары бағаланған.

Әсіресе, президент Тоқаевтың жолдауындағы «Бүгінде елімізде барлығы президенттің төңірегінде өрбиді, бұл дұрыс емес. Біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек. Мен үшін билік пен ситуациялық ықпалдың кез келген қосымша тетіктерінен гөрі мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесі маңызды» деген сөзі, қытайлық желі қолданушыларының ерекше жоғары бағалауына ие болды.







Солардың бірі: «Қазақстан – ұлы ел, Демократияның нұры осынау әсем жерді жабады» деп жазса, Тағы бір қытайлық желі қолданушысы: «Тоқаев Қазақстан тарихында халықтық демократия мен бостандық жолын ұстанатын дәуірлік тұлғаға айналады» деп жазды.

Тағы бір қытайлық желі қолданушысы: «Биліктегі адамға өз билігін шектеу оңай емес, ал Тоқаев болашақта Қазақстан үшін ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық іздегісі келеді, ол табысқа жетеді деп сенемін» деп пікір білдірді.

Қытайлық желі қолданушының бір: «Бұл дұрыс жол, Қазақстанды жарылқасын» деп жазды.

Сондай ақ, WEIBO әлеуметтік желісіндегі Қытайлық желі қолданушылары Қазақстан халқына Президент Тоқаевтың реформалары аясында гүлденген болашаққа қадам басуын тіледі.

Әзірге Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің Weibo желісінде жарияланған ақпарат жазбаны 1200-ден астам адам бөлісіп, 600-ден астам адам пікір қалдырған, 15 мыңнан астам лайк жинаған.