Катонқарағайда бой көтеретін әуежайды қай компания салады

0
262

Құрылыс жұмыстары қашан басталады?


Катонқарағайда бой көтеретін әуежайды қай компания салады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай мен Зайсан аудандарында бой көтеретін әуежайларды қай компания салатындығы белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.


Шығыс Қазақстан облысында екі әуежайдың құрылысын бастауға дайындық жүріп жатыр. Әуежайлар Зайсан мен Катонқарағай аудандарында бой көтермек. Бұл туралы ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.

“ Жобалау мен құрылыс жұмыстарын "ҚазАэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді. Ол 2026 жылға дейін әуежайларды салып бітуі тиіс. Бастапқы кезеңде Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтары үшін ұзындығы 2200 метр және ені 35 метрлік жасанды ұшу-қону жолақтарын салу қарастырылған”, – дейді басқарма басшысы Нұржан Жұмаділов.

Туристер ағыны көбейсе, ұшу-қону жолағын 45 метрге дейін, ал ұзындығын 2600 метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл Airbus A320, Boeing 737 сияқты кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік бермек.