Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта сегіз адам болған.
ERNUR.KZ. Украиналық компанияға тиесілі Ан-12 жүк ұшағы Грецияның солтүстігіндегі Кавала қаласының маңында құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта сегіз адам болған. Сондай-ақ, расталмаған мәліметтер бойынша ұшақ бортында қауіпті жүк болған, деп жазады Stan.kz.
ERT мемлекеттік теледидары украиналық компанияға тиесілі Ан-12 ұшағы Сербиядан Иорданияға ұшқанын хабарлады. Ұшқыш қозғалтқыш ақауына байланысты шұғыл қонуды сұрады, бірақ ұшақтың сигналы жоғалып кетті.
Ertnews.gr сайтына жүктелген бейнежазбада жанып жатқан ұшақтың жерге қонбай тұрып жылдамдықпен төмен құлдилағанын көруге болады. Өрт сөндіру тобы ұшақтың түрін растай алмады, бірақ алдын-ала мәліметтер бойынша бортта сегіз адам болғанын мәлімдеді.
Еrtnews.gr куәгерлерге сілтеме жасай отырып, ұшақ жүгері алқабына қонды деп хабарлады.
"Ұшақтың оқ-дәрімен толтырылғаны туралы расталмаған ақпарат бар. Хабарламаға сәйкес, толықтай жанып кеткен. 12 тонналық коммерциялық рейстің жүктері қауіпті болғандықтан оны арнайы жабдықтары бар құрлық армиясының жауынгерлері тексеріп шықты. Екі өрт сөндірушінің тыныс алуы қиындады, ал тұрғындарға терезелерді жауып, кондиционерлерді қосу туралы хабарланды.", - делінген сайтта.