Спортшының вирус жұқтырғаны туралы қала әкімдігі хабарлады.
ERNUR.KZ. Қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, "Әлем Барысы" жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, деп жазады Tengrinews.kz.
Белгілі спортшы Семей көлік колледжінің директоры қызметін атқарады. Оның вирус жұқтырғаны туралы қала әкімдігі хабарлады.
"Бүгін Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде Семей колледждерінің екі директоры - Электротехникалық колледж директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы және "Әлем Барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров түсті", - деп хабарлайды Семей әкімдігі.
Әкімдік қала мен елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Нұғымаров коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол қазақша күрестің еліміздегі ең танымал өкілі.