Қазақ-қырғыз шекарасына жақын аумақта жер сілкінді

0
100

Дүмпу магнитудасы – 3.9 балл.


Қазақ-қырғыз шекарасына жақын аумақта жер сілкінді

ERNUR.KZ. 30 қаңтарда таңертең қазақ-қырғыз шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Дүмпу ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп жазады baq.kz.

Қазақстандағы сеймографтар Қырғызстан аумағындағы жер сілкінісін Астана уақытымен таңертең сағат 07:54-те тіркеді. Дүмпу магнитудасы – 3.9 балл.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстандағы Нарын қаласына жақын маңда орналасқан. Дүмпу нүктесі қазақ-қырғыз шекарасына дейін шамамен 160 км, Алматы қаласына дейін шамамен 230 км жерде жатыр.

Қазақстанның оңтүстік өңірлері сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда үнемі жерасты дүмпулері болып тұрады.