«Қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі»: Депутаттың сөзі қызу талқыға түсті

0
162

Біреулер депутаттың өзі бұлай десе, басқа кім не айтпайды деп Бас прокуратураға арыз түсіргенін жазып жатыр.


«Қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі»: Депутаттың сөзі қызу талқыға түсті

Ulysmedia коллажы

ERNUR.KZ. Желіде Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның басы дауға қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде депутаттың «Қазақ тілі – кедейлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі. Кіжін сіңір! Ашулан кедей» деген жазбасы қызу талқыға түсті. Біреулер депутаттың өзі бұлай десе, басқа кім не айтпайды деп Бас прокуратураға арыз түсіргенін жазып жатыр.

Желі қолданушылары «Бас проокуратура арыз кетті», «Бұл жұмысынан кетіп, жазаланбаса, мен қоя салдым», «Дұрыс жазу керек, өз ана тілін құрметтемеген адам мәңгүрт адам. Қалай депутат болып жүргені үлкен сұрақ туындатады», «Біздің салығымыздан жалақы алатын адам осылай жазса, басқалары не жазбайды», «Қазақтарға не болған өз тілінен жеріп» деген сарында пікірлерін жарыса жазды.

Депутат nege.kz порталына бұл пікірді 2019–2020 жылдары ашуға беріліп, сарказммен жазғанын айтқан.

«Күйініп, ашуланып, сарказммен жазған комментарийім еді. Біреулер ойып алып, басқаша айналдырып салды. Жылда шығады осы скрин», – деген депутат.

Редакциямызға ол қазір осы мәселе төңірегінде заңгерден кеңес алып, өзін қаралап жатқандарға қарсы жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Сондай ақ Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін ресми мәлімдеме жариялауға уәде етті.