Қазақстан болат дайындамаларды экспорттауға тыйым салды

0
152

Бұйрық 2025 жылдың 26 шілдесінде күшіне енді.


Қазақстан болат дайындамаларды экспорттауға тыйым салды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 17 шілдедегі "Болат дайындамаларының экспортын реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Құжат Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салуды енгізді:

  • құйма немесе басқа да бастапқы пішіндегі шойын және легирленбеген болат (7203 тауар позициясындағы шойыннан басқа),
  • темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар.

Тыйым отандық металлургиялық кәсіпорындарды жоғары қосылған құны бар орта және жоғарғы өңдеу сатысындағы дайын өнімдер шығарумен болат өнеркәсібін кеңейтуге ынталандыру аясында енгізіліп отыр, деп түсіндірді министрлік.

Бұйрық 2025 жылдың 26 шілдесінде күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың желтоқсан айында осындай тыйым салынғанын хабарлаған едік.