Қазақстан 2027–2030 жылдарға арналған кезеңге БҰҰ Статистикалық комиссиясы құрамына мүше болып сайланды.
Фото: mtrk.kz
ERNUR.KZ. Мұндай шешім БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесі аясында қабылданған. Дауыс беру процесіне 54 мемлекет қатысты, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстан комиссия құрамына Сингапур және Моңғолия елдерімен бірге Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобы ұсынған бірыңғай келісілген тізім арқылы енді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл тағайындау өңір елдерінің қолдауының нәтижесінде жүзеге асқан. Қазақстанның комиссия құрамына енуі халықаралық қауымдастықтың жоғары сенімін білдіріп, елдің жаһандық статистикалық жүйені дамытудағы белсенді рөлін көрсетеді.
Сондай-ақ, комиссия жұмысына қатысу Қазақстанға халықаралық статистикалық стандарттарды қалыптастыруға және тұрақты даму мен деректерді цифрландыру бағытындағы бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік береді.


