Бұл туралы Қазақстан Республикасы АҚШ-тағы елшілігінің The Times of Central Asia басылымында жарияланған мақаласында айтылған.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі бойынша көш бастап тұр, деп жазады inbusiness.kz.
БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы ұсынған 2025 жылғы Дүниежүзілік инвестициялық есептің мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен 151 миллиард доллар болды. Бұл көрсеткіш Орталық Азияның өзге мемлекеттерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді.
Атап айтқанда елімізге келген инвестиция көлемі Түрікменстандағы 45 миллиард доллардан және Өзбекстандағы 17 миллиард доллардан бірнеше есе асып түсті. Сондай-ақ Қазақстанның көрсеткіші Қырғызстан мен Тәжікстанның әрқайсысына тартылған 4 миллиард доллар көлеміндегі инвестициядан айтарлықтай жоғары.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында бірқатар маңызды келісімге қол қойылған болатын.
Атап айтқанда, "Mars" компаниясы Алатау қаласында құны 180 миллион доллар болатын үй жануарларына арналған жем-шөп шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ "Air Astana" әуе компаниясы 2026 жылдың екінші жартысында Boeing 787 Dreamliner ұшақтарын алу көзделген.
Сонымен қатар "Ashmore Group" және "Mount Sinai Health System" компанияларымен серіктестікте елімізде жаңа халықаралық клиника бой көтермек.


