Қазақстан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға уақытша тыйым салды

0
180

Уақытша тыйым асыл тұқымды малдың жаппай экспортына жол бермеу мақсатында енгізілді.


Қазақстан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға уақытша тыйым салды

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Сыртқы сауда қызметі және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2025 жылғы 12 наурыздағы отырысында Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (ІҚМ) және ұсақ малдың (ҰМ) аналық басын әкетуге тыйым салуды алты ай мерзімге ұзарту мақұлданды", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 4 сәуірдегі және Қаржы министрлігінің 7 сәуірдегі "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығы қабылданды.

Айта кетейік, уақытша тыйым жаппай экспортқа жол бермеу және ауылшаруашылық жануарларының санының тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

2024 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 14 наурызға дейін 6 ай мерзімге ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салынған.

Бұйрық 2025 жылғы 10 сәуірде күшіне енеді.