Қазақстан құрамасында алты оқушы болды.
Бухарестте XXI Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды. Бұл беделді білім сайысына әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасында алты оқушы болды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды:
Айзере Жеңісханова – күміс, Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы;
Әділ Жиенбаев – күміс, Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Анастасия Пономарева – қола, Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;
Әбдіжан Ибраимов – қола, Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
Мұнар Сағымбай – қола, Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы;
Әлихан Іскендір – қола, Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
• Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
• Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
• Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Анықтама:
IJSO – 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады.