Спортшы стористе “She said yes” деп жазып, қуанышты сәтпен бөлісті.
Фото:Kff_team
ERNUR.KZ. Қазақстан мен “Елімай”клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп жазады stan.kz.
Бұны футболшының өзі Instagram парақшасында жариялады.
Спортшы стористе “She said yes” деп жазып, қуанышты сәтпен бөлісті.
Әзірге футболшы болашақ жарының кім екенін жария еткен жоқ. Оның жеке өміріне қатысты қосымша ақпарат көрсетілмеген.
Еске сала кетейік, Ғалымжан Кенжебек Лихтенштейнге қарсы өткен ойында екі гол соғып, дубль авторы атанды. Қазіргі уақытта футболшыға Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытуда.
Бұған қоса Шотландияның The Courier Sport басылымы "Данди" клубы 22 жастағы қазақстандық шабуылшыны қатарына қосқысы келетінін жазған. Себебі Кенжебек қаңтар айында еркін агент мәртебесіне ие болады. Сонымен қатар оған "Хартс", сондай-ақ Португалия, Чехия және Грекия клубтары да көз тігіп отыр.


