Қазақстан құтқарушылары жиырма сегіз жылда 400 мыңнан астам адамды құтқарған

0
495

Осы уақыт аралығында ТЖ мен өртті жоюға 1,5 млн рет шыққан.


Қазақстан құтқарушылары жиырма сегіз жылда 400 мыңнан астам адамды құтқарған

ERNUR.KZ. Еліміздің құтқарушылары 28 жыл ішінде төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға 1,5 миллионнан астам рет шыққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ТЖМ беріктігі жыл сайын тексеруден өтетініні мәлімдеді.

Ведомство басшысы бірнеше нақты мысал келтірді.

Ол әрі құтқару операцияларының ішінде Түркия мен Ауғанстанда болған ауқымды жер сілкіністерінің, 1990 жылы Зайсанда, 2003 жылы Жамбыл облысының Луговая станциясындағы жер сілкіністерінің, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумақтарындағы зымыран апаттарының, Арыс қаласы мен Жамбыл облысындағы оқ жарылыстарының салдарын жоюға, Мақтаарал ауданындағы су тасқынының, Риддер қаласы, Қостанай және Абай облыстарында болған орман өрттерін сөндіруге қатысуларын атады.

«28 жыл ішінде құтқарушылар төтенше жағдайлар мен өрттерді жоюға бір жарым миллионнан астам шығулар жасады. Олардың кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында 400 мыңнан астам адам құтқарылды, 380 мыңға жуық адам ТЖ түрлі аймақтарынан эвакуацияланды, 70 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Биылғы 9 айда ғана 9 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді, 1,5 мыңға жуық азамат зардап шекті, 539 адам қаза тапты. Материалдық шығын шамамен 171 млрд теңгені құрады», – деді министр.