Қазақстан мен Қытай арасында алғашқы туристік пойыз іске қосылды

0
460

Алматыдан Сианьға пойызбен баруға 41 сағат 3 минут кетеді екен.


Қазақстан мен Қытай арасында алғашқы туристік пойыз іске қосылды

ERNUR.KZ. 1 шілдеден бастап Сиань-Алматы пойызы жүреді, деп жазады stan.kz.

ҚТЖ мен Сиань қаласы мэриясының басшылығы Қытайдан Алматыға алғашқы туристік пойызды іске қосу бойынша келіссөз жүргізді.

“Тараптар 26 маусымда Сиань қаласынан құрамды іске қосуға және оның 1 шілдеде Алматыға келуін ұйымдастыруға келісті. 246 жолаушы жеткізетін 9 вагон болады деп жоспарланып отыр. Пойыз Қорғас-Алтынкөл шекара өткелі арқылы өтеді”, – делінген ведомствосында.

Алматыдан Сианьға пойызбен баруға 41 сағат 3 минут кетеді екен. Билет 27 117 теңгеден 85 870 теңгеге дейінгі бағада болады.