Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды

0
409

Бөгет Қазақстан шекарасында Қытай жағынан 100 шақырым жерде жырылып кеткен.


Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай шекарасында бөгет бұзылды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының әкімдігі растады. Боран ауылында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, бөгет Қазақстан шекарасында Қытай жағынан 100 шақырым жерде жырылып кеткен.

Марқакөл ауданы әкімдігінің мәліметінше, қазір Боран ауылында жағалауды бекіту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр

"Су 2 сантиметрдей көтеріліп жатыр. Бірақ бұл тек осы ауыл аумағында. Ол жерде жұмыс әлі жүріп жатыр. Учаскеде 24 сағаттық вахта ұйымдастырылды. Оларда көлік, қайық, барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Аудан әкімі оқиға орнында, аудандық төтенше жағдайлар қызметінің басшысы сол жерде", - деді Марқакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Әсем Болысова.