Қазақстан алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы ретінде "Росатомды" таңдаған болатын.
фото: Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы жобасы бойынша жол картасына қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Салтанатты іс-шара жұма күні Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында өтті.
Құжатқа "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев пен Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қол қойды.
Бұған дейін Қазақстан алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде "Росатомды" таңдаған болатын.
18-21 маусым аралығында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр. Форумның басты тақырыбы – "Ортақ құндылықтар – көпполярлы әлемдегі өсудің негізі".