Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын жолаушылар пойыздары тоқтатылды

0
658

17 наурыздан бастап Қазақстан мен Ресей арасында жүретін тікелей халықаралық жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылды.


Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын жолаушылар пойыздары тоқтатылды

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей арасындағы жолаушылар пойыздары коронавирусқа байланысты 17 наурыздан бастап тоқтатылды, деп хабарлады "Ресей темір жолдары" компаниясы, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның хабарламасына сәйкес және жаңа коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 17 наурыздан бастап арнайы нұсқаулықтарға дейін тікелей халықаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды", - деп жазылған Ресей темір жолдарының хабарламасында.
Жоғарыда айтылғандай, қозғалысты қалпына келтіру мерзімі әзірге белгісіз, бұл туралы кейінірек хабарланады.
Билеттердің ақшасын қалай қайтаруға болады
Тасымалдаушы тоқтатылған пойыздарға пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын қосымша төлемдерсіз қайтарып алуға кепілдік береді.
"Ақшаны қайтарып алу үшін жолаушылар билетті сатып алған мемлекеттің аумағындағы билет кассасына хабарласуы керек. Жолаушылар электронды жол жүру құжаттарын олар рәсімделген веб-ресурстар арқылы тапсыра алады", - деп түсіндірді компания.
Қандай пойыздар тоқтайды (тіркеме және жолда тоқтамайтын вагондарды қосқанда):
№ 7/8 Алматы – Саратов;
№ 39/40 Нұр-Сұлтан – Челябинск;
№ 83/84 Қарағанды – Мәскеу;
№ 145/146 Қарағанды – Омбы;
№ 301/302 Алматы – Новосібір;
№ 303/304 Алматы – Қазан;
№ 363/364 Томск – Қарағанды;
№ 363/364 Қарағанды – Томск;
№ 391/392 Томск – Риддер;
№ 625/626 Атырау – Астрахань;
№ 6814/6813 Қостанай – Троицк;
№ 6871/6872 Орал – Озинки;
№ 6754/6753 Орынбор – Илецк;
№ 6117/6118, № 6119/6120 Рубцовск - Локоть – Алейская.