Қазақстан мен Ресей ІІМ басшылары Өскеменде кездесті

0
166

Өскемен әуежайынан Владимир Колокольцевті Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов күтіп алды


Қазақстан мен Ресей ІІМ басшылары Өскеменде кездесті

фото: Посольство России в Казахстане

ERNUR.KZ. Ресейдің ішкі істер министрі Владимир Колокольцев Өскеменге барды, деп жазады sputnik.kz.
Ол екі елдің ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқасының отырысына қатысады.
Күн тәртібінде жедел-іздестіру қызметі және синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылады.
Өскемен әуежайынан Владимир Колокольцевті Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов күтіп алды.