Қазақстан мен Түркия ірі қаржыны қамтитын бірнеше құжатқа қол қояды

0
2 111

Қазақстан мен Түркия құны 1,7 млрд доллар болатын келісімдерге қол қояды


Қазақстан мен Түркия ірі қаржыны қамтитын бірнеше құжатқа қол қояды

фото:24.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстан және Түркия жалпы құны 1 млрд 700 млн долларды қамтитын 22 құжатқа қол қояды деп жазады 24.kz.

Келісімдер бүгін Анкара қаласында өтетін инвестициялық форум барысында жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Оған екі жақтан 200-ден астам компания қатысуы тиіс. Тараптар әріптестікті нығайту мүмкіндігін де қарастырады.

Соңғы жылдары Қазақстанның инвестициялық ахуалы жақсарды. Көрсеткіштер кестесі Орталық Азия елдері арасында шоқтығы биік екенін байқатады. Сондықтан да шығар, түрік кәсіпкерлері отандық нарыққа қызығушылық танытып келеді. Шетелдік инвесторлар Қазақстан арқылы Еуразиялық экономикалық одақ және Қытай сынды ірі нарықтарға да жол ашқысы келеді. Яғни алдағы форум дер кезінде ұйымдастырылып жатыр әрі үлкен маңызға ие. Онда тараптар ірі қаржыны қамтитын бірнеше құжатқа қол қойуы тиіс.

Эрик Якубаев, «Kazakh Invest» компаниясының басқарушы директоры: Ірі жобалардың арасында «Йылдырым Холдингті» атауға болады. Аталған жоба Жамбыл облысында жалпы құны 270 млн долларға тең кальцийлендірілген тұз өндіру зауытын салуды көздейді. Ол бойынша меморандумға қол қойылады. Мұндағы қолдау ұлттық әріптестік пен жергілікті билік тарапынан жасалып отыр. Түркия – еліміздің сауда-саттықтағы негізгі серіктестердің бірі. Мысалы, осы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде мемлекеттер арасындағы сауда 678 млн долларға өскен. Ақша құю көлемі артты. Мәселен, түркиялық инвесторлар еліміздегі әр салаға қызығушылық білдіріп отыр. Әсіресе, тау-кен металлургиялық, химиялық, жеңіл және агроөнеркәсіп пен құрылыс материалдары өндірісіне маңыздылық беріп отыр. Енді бұл тізімге отандық баламалы қуат көздері де қосылды.

Эрик Якубаев, «Kazakh Invest» компаниясының басқарушы директоры: Былтыр Астанада ЕХРО көрмесі өтті. Ауқымды шара баламалы қуат көздерінің дамуына серпін бергені белгілі. Осыған байланысты күн мен желден энергия алу жобалары бойынша ұсыныстар саны біз күткеннен де жоғары болып шықты. Қос тарап та – сенімді әрі тұрақты әріптестер. Түркия елімізге 3 млрд доллардан астам инвестиция бөлген. Тиісінше, Қазақстанның түрік экономикасындағы үлесі млрд долларға жуық.