Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.
ERNUR.KZ. Президент халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдер туралы нормаларды көздейтін "Білім туралы" заңға түзетулер енгізді, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым министрі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
Оның сөзінше, жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,77 миллион теңге), күміс медальға 1 000 АЕК (3,18 миллион теңге), қола медальға 500 АЕК (1,55 миллион тенге) көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.
Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.
Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі. Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.