Қазақстан онлайн-қызмет бойынша АҚШ пен Қытайды басып озды

0
283

Республикамыз әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді.


Қазақстан онлайн-қызмет бойынша АҚШ пен Қытайды басып озды

ERNUR.KZ. Қазақстан мемлекеттік қызметтердің цифрлануы бойынша әлемнің үздік 10 елінің қатарына енді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгінде еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды форматта қолжетімді, оның ішінде 90,8%-ын eGov Mobile платформасы арқылы алуға болады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Қытай, АҚШ, Германия, Австралия және БАӘ сияқты дамыған елдерден озып шықты.

«БҰҰ деректері бойынша, Қазақстан 2024 жылы 193 елдің арасында ТОП-10-дыққа кіріп, Оңтүстік Корея, Дания, Эстония, Сауд Арабиясы, Украина, Сингапур, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Жапониямен бір қатарда тұр», — делінген хабарламада.

Қазақстаннан кейінгі орындарда орналасқан елдер:

  • Қытай – 11-орын
  • Германия – 12-орын
  • Аустралия – 14-орын
  • Нидерланды – 15-орын
  • БАӘ – 16-орын
  • АҚШ – 17-орын

Ал ТМД елдері Қазақстаннан айтарлықтай төмен орналасқан:

  • Армения – 53-орын
  • Ресей – 56-орын
  • Өзбекстан – 59-орын
  • Әзіебайжан – 67-орын
  • Қырғызстан – 89-орын
  • Беларусь – 97-орын
  • •Тәжікстан – 130-орын
  • Түрікменстан – 172-орын

БҰҰ жүргізген рейтингте қызметтердің қолжетімділігі, онлайн жүйеге көшу қарқыны мен сапасысынды көрсеткіштер есепке алынған.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда әсіресе зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен (БЖЗҚ) байланысты қызметтер, азаматтық хал актілеріне қатысты анықтамалар мен онлайн тіркеулер ең жиі қолданылатын цифрлық қызметтер қатарында.