Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барып келген болатын.
ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп жазады baq.kz.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Қазақстан президентінің келесі аптада екі өңірге іссапары алдын ала жоспарланған. Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына сапар жасамақ. Одан кейін шетелге, оның ішінде Америка Құрама Штаттарына сапар жоспарланған. Оның күнін, уақытын қосымша хабарлаймыз», - деді Берік Уәли.
Бұған дейін Берік Уәли «Қытай Қазақстан жеріне ешқашан көзін алартып қарамайтынын» айтқан еді.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барып келген болатын.