Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Сурет: akorda.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 11 қарашасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды. Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты.
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің №1 бортын ресейлік истребительдер сүйемелдеген сәттердің кадрларын жариялады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты


