Жоба бойынша шектеу 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
Фото: Canva
ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағына қызанақ әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын «Ашық НҚА» порталына қоғамдық талқылауға шығарды, деп жазады inform.kz.
— Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден әкелінетін өнімдер мен Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылатын халықаралық транзитті қоспағанда, үшінші елдерден жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақты (СЭҚ ТН коды — 0702) Қазақстан аумағына барлық көлік түрлерімен әкелуге уақытша тыйым енгізу көзделіп отыр, — делінген құжатта.
Жоба бойынша шектеу 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
Министрліктің мәліметінше, аталған шара отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықта өндірілген өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында ұсынылып отыр.
Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Kazinform-ға берген сұхбатында азық-түлік импортын отандық өніммен алмастыруда қандай саясат ұстанып отырғанын айтқан еді.


