Бір компонентті "Sputnik Light" вакцинасының тиімділігі иммундаудан кейін 28-ші күнде 79,4% құрайды.
ERNUR.KZ. Ресейлік бір компоненттен тұратын коронавирусқа қарсы Sputnik Light вакцинасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен тіркеуден өтті, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) хабарлады.
"Қор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті Sputnik Light вакцинасын тіркегені туралы хабарлайды", - делінген РИА Новости-де жарияланған хабарламада.
Бір компонентті "Sputnik Light" вакцинасының тиімділігі иммундаудан кейін 28-ші күнде 79,4% құрайды.
"Қазақстанда коронавирустың жаңа инфекциясының алдын алу үшін Sputnik V вакцинасы сәтті қолданылып келеді. Бір компонентті "Sputnik Light" вакцинасы халықты вакциналау уақытын қысқартуға және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын жеделдетуге мүмкіндік береді", - деді қор жетекшісі Кирилл Дмитриев.