Қазақстан тарапы Өзбекстанды газ үшін сотқа берді

0
55

QazaqGaz ұлттық компаниясына еншілес "Интергаз Орталық Азия" Өзбекстан компаниясын сотқа берді.


Қазақстан тарапы Өзбекстанды газ үшін сотқа берді

Фото: ica.uz

ERNUR.KZ. "Астана" халықаралық қаржы орталығы төрелігіне түскен шағым "Өзтрансгаздың" үстінен жазылған, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық компания көрші елден шамамен 2 млн доллар өндіріп алғысы келеді. Шағым "Интергаз" жүргізген есептеулері негізінде дайындалған.

Алайда айыпталған "Өзтрансгаз" мұндай талаппен келіспейді. Өйткені қанша газ айдалғанын есептейтін торап Өзбекстан аумағында орналасқан. Соған байланысты өзбек компаниясы шағымға қарсы талап-арыз өткізген.

"Интергаз" бастапқы шағымды қарауды тоқтатып, даулы іске сырттан тәуелсіз кеңесші тартып жатыр.