​Қазақстан тиімді және заманауи саяси модельге көшуде

0
364

Жаңа өзгерістер жүйелі түрде іске асады.


​Қазақстан тиімді және заманауи саяси модельге көшуде

иллюстрациялық фото

Президентті бір мерзімге сайлау жүйесінің енгізілуімен қатар, Конституциялық Сот мүшелерінің мерзімін 8 жылға ұзарту нормасы да қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осылайша, Конституциялық Сот мүшелерінің өкілеттілігі Президент пен Парламенттің мерзімнен артық болады. Бұл билік тармақтарының арасындағы дербестікті күшейтеді.

Жалпы, Конституциялық сот (2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастайды) айрықша өкілеттіктерді иеленеді. Егер кез-келген заң немесе басқа да құқықтық актілер Конституцияға қайшы келсе, оны жоя алады.

Ең бастысы, Конституциялық Сот өзге де өкілеттіліктермен қатар, Президенттің Конституция талаптарын қатаң сақтап жұмыс істеуін қадағалайды. Конституциялық Сот мүшелерінің өкілеттілігі Президент мерзімінен ұзақ болуы аталған бақылау тетігінің тәуелсіз және объективті қызмет етуін қамтамасыз етеді.