Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Словкаияға қарсы өткізеді.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы матчында Беларусьпен тең ойнады, деп жазады tengrinews.kz.
Кездесу Сербияның Нови-Сад қаласындағы алаңда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
13-минутта шабуылшы Абат Айымбетов биылғы маусымдағы үшінші голын соғып, Қазақстанды алға шығарды. Жартылай қорғаушы Ян Вороговский өз есебінен голдық пас жасады.
84-минутта Владислав Малкевич таразы басын теңестіргенше ұзақ уақыт табло өзгерген жоқ.
Осылайша, үш ойыннан кейін "С" тобындағы 3 себетте 7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орында қалды. Екінші орында сырта алаңда Әзірбайжан құрамасын жеңіп, 6 ұпай жинаған Словакия құрамасы жайғасты. Ал қоржындарында 2 ұпайы бар Беларусь үшінші, 1 ұпайы бар Әзербайжан төртінші сатыда.
Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Словкаияға қарсы өткізеді. Ойын 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында болады.
Еске салайық, біз Беларусь құрамасына қарсы осымен алтыншы рет ойнады. Екі мәрте тең, төрт рет жеңілді.