Бағдарламаның негізгі бағыттары – радиофармацевтикалық препараттарды өндірудің заманауи жүйесін құру және ядролық технологияларды медицинада қолдануды кеңейту.
Photo : пресс-служба Управления Делами Президента РК
ERNUR.KZ. Қазақстан ядролық медицинаны дамыту бойынша ауқымды бағдарламаны бекітті. Бұл бағдарлама 2030 жылға дейін іске асады, деп жазады sputnik.kz.
Бағдарламаның негізгі бағыттары – радиофармацевтикалық препараттарды өндірудің заманауи жүйесін құру және ядролық технологияларды медицинада қолдануды кеңейту.
"Бүгінде біз күрделі міндеттермен бетпе-бет келіп отырмыз: радиофармпрепараттар өндірісінің тұрақты жүйесін құру және ядролық медицина инфрақұрылымын дамыту қажет. Бұл міндеттерді шешу үшін мемлекет, ғылым және бизнестің үйлестірілген күш-жігері қажет, сонда қазақстандықтар диагностика мен емдеудің ең заманауи әдістеріне қол жеткізе алады", – деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Астанада өткен ядролық физиканың дамыту туралы кеңес отырысында.
Ведомство Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі жол картасын әзірледі. Нәтижесінде озық технологияларды енгізуге, отандық радиофармпрепараттар өндірісін арттыруға және дәл диагностика әдістерін азаматтар үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Кадр даярлау мәселесі де бағдарламадан шет қалмаған.
Отырыс қорытындысы бойынша ядролық медицина мен ядролық технологияларды дамыту жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспары, яғни ол картасы бекітілді. Жоспарда ғылыми зерттеулерді қолдау, кадрлар даярлау, саланы технологиялық дамыту және инвестиция тарту бойынша шаралар қарастырылған.