Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті

0
117

Танымал бапкер және спортшы 67 жасында бақиға аттанды.


Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған Сабыржан Махметов өмірден өтті

Фото: әлеуметтік желіден

ERNUR.KZ. Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған азамат Сабыржан Махметов дүниеден озды, деп жазады inform.kz.

Танымал бапкер және спортшы 67 жасында бақиға аттанды. Қазақстандық жанкүйерлер оны Қазақстан кикбоксингінің аңызы, жекпе-жек спортындағы тәжірибелі маман ретінде жақсы таниды. Елімізде ол спорттың осы түрін дамытуға зор үлес қосты. Білікті маман Қазақстанның жекпе-жек федерациясының негізін қалап, оның жетекшісі ретінде ауқымды істер атқарды.

Сабыржан Махметов КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы болған. Сондай-ақ КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ СССР) үш дүркін абсолюттік чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып, КСРО мен Қазақстанда кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалады. Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті қызметін атқарды.