Энергетика министрлігі тиісті түзетулер енгізді, ол да 1 тамыздан бастап күшіне енді.
Сурет: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі бұйрықтарымен жанармай құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің жаңа шекті бағалары және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді, деп жазады zakon.kz.
1 тамыздан бастап Қазақстан аймақтарында жанармай құю бекеттерінде газдың келесідей бағалары күшіне енеді:
- Астана мен Алматыда – литрі 112 теңге (102 теңге болды);
- Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары – 85 теңге (77 теңге болды);
- Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында – 112 теңге (102 теңге болды);
- Жамбыл облысы, Қызылорда, Түркістан облыстары – 102 теңге (90 теңге болды);
- Маңғыстау облысы – 72 теңге (65 теңге болды).
Бұйрық 2025 жылдың 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сонымен қатар, Қазақстанда сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 2025 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ҚҚС-сыз тоннасына 51 932 теңгеден 59 722 теңгеге дейін өсті.
Энергетика министрлігі тиісті түзетулер енгізді, ол да 1 тамыздан бастап күшіне енді.