Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

0
263

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастырды.


Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

Фото: Пресс-служба президента Казахстана

ERNUR.KZ. Облыс әкімдіктері ұсынған жедел деректерге сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 19,8 млн тонна мал азығын дайындады, деп жазады sputnik.kz.
Бұл алдағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне қажетті жоспарлы пішен көлемінің шамамен 77%-ын құрайды.
"Қазіргі уақытта 17,1 млн тонна пішен, 1,5 млн тонна пішендеме, 362,3 мың тонна құрама жем, 91,7 мың тонна сүрлем және 777,2 мың тонна сабан дайындалды", - деп жазылған хабарламада.
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ 201,3 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастырды. Қажет болған жағдайда бұл қор ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөппен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

2026–2027 жылдардағы қысқы малды қорада ұстау кезеңіне дейін 25,7 млн тонна пішен, 2,3 млн тонна пішендеме, 2,8 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құрама жем дайындау жоспарланып отыр.