Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 2024 жылға арналған медициналық көмекті сатып алу рәсімдері басталды.
ERNUR.KZ. Қазақстанда тегін көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге 2024 жылы 2,8 триллионнан астам теңге жұмсалады, оның 2,1 триллионы МӘМС бойынша, деп жазады sputnik.kz.
Қор 2024 жылға арналған медициналық қызмет көлемін орналастыру жұмысын бастады.
"Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізбесін бекіту шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген медициналық ұйымдар көлемдерді бөлуге қатыса алады", - делінген хабарламада.
Қор өткен жылы сатып алу жоспары 2,5 триллион теңге болғанын айтты. Оның мәліметінше, келесі жылы қаржыландыру 12%-ке өседі.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 11-12 желтоқсанына дейін жалғасады.
Медициналық ұйымдар денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу веб-порталында жоспарланған көлемдерге өтінім бере алады. Онда әр аймақ бойынша жарнамалармен танысуға болады.
Медициналық қызметті мемлекеттік мекемелер де, жекеменшік жеткізуішілер де көрсете алады, деп еске салды қор. Ең бастысы, олар тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізбесінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес келуі керек.
Комиссия мүшелері медициналық көмек көлемін орналастыруға рұқсат беру үшін он күн ішінде талаптарға сәйкестігін тексереді.
Қорытындысы бойынша денсаулық сақтау субъектісінің көрсетілген талаптарға сәйкестігі/сәйкес келмеуі хаттамасы жасалады. Егер клиниканың өтінімі критерийлерге сәйкес келмесе, оларға ескертулерді жоюға үш күн уақыт беріледі.