Қазақстанда 814 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

0
202

Биылғы жылға тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды.


Қазақстанда 814 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

фото: Пресс-служба президента Казахстана

ERNUR.KZ. Қазақстан өңірлерінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық белсенді түрде жалғасып жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі уақытта 6,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 1,8 млн гектар жерге тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,1 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы өңірлерде 813,8 мың гектар жерге егіс егілді, оның ішінде:
Алматы облысында – 103,4 мың га;
Түркістан облысында – 229,3 мың га;
Жамбыл облысында – 287,8 мың га;
Қызылорда облысында – 33,4 мың га;
Батыс Қазақстан облысында – 25,2 мың га,
Атырау облысында – 2,7 мың га;
Жетісу облысында – 116,8 мың га;
Шымкент қаласында – 15,3 мың га.
Егілген дақылдардың құрылымы келесідей:
дәнді дақылдар – 418,6 мың га;
мал азықтық дақылдар – 151,7 мың га;
көкөністер – 41,7 мың га;
картоп – 17,3 мың га;
бақша дақылдары – 34,4 мың га;
майлы дақылдар – 84 мың га;
мақта – 42,4 мың га;
қант қызылшасы – 7,6 мың га және басқа да дақылдар.
"2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, қазіргі уақытта 729,2 мың тонна тыңайтқышты сатып алуға келісімшарттар жасалған. Көктемгі егіс жұмыстарына 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Операторлардың шығындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін дизель отынының түпкілікті бағасы литріне 254 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15%-ға арзан", - делінген хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, биылғы жылға тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 1,6 млн тонна тұқым сапасына алдын ала сараптама жүргізілген, олардың 99%-ы кондициялық деп танылған. Тұқымдарды жаппай тексеру сәуір айының ортасында аяқталады.