Бұл күн Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жол саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбегінің маңызын көрсету үшін бекітілді.
ERNUR.KZ. Қазан айының соңғы жексенбісінде қазақстандық жол саласы мамандары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.
Бұл күн Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жол саласында жұмыс істейтін адамдардың еңбегінің маңызын көрсету үшін бекітілді. Олар өңірлерді байланыстырып, экономиканы дамытуға және елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға қажетті автомобиль жолдарын салып, күтеді. Әрбір салынған шақырым жол – инженерлердің, жобалаушылардың және жол жұмысшыларының кәсібилігі мен жауапкершілігінің нәтижесі.
Мереке құтты болсын!


