Қазақстанда педиатриялық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде балаларға медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидаттарын белгілейтін Стандарт бекітілді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда педиатриялық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде балаларға медициналық көмек көрсетудің жалпы қағидаттарын белгілейтін Стандарт бекітілді,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған құжат еліміздегі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы «UMC», Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» ШЖҚ РМК және т.б. тәрізді жетекші медициналық мекемелердің мамандарының қатысуымен әзірленді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған нәрестелер мен ерте жастағы балаларды үй жағдайында патронаждық бақылаудың жаңа әмбебап-прогрессивті моделін ұйымдастыра отырып алғашқы рет медициналық қызметтер тізбесі белгіленді. Жаңа модель баланың өміріне, денсаулығына және дамуына қауіп төндіретін медициналық немесе әлеуметтік сипаттағы тәуекелдерді анықтауды және төмендетуді көздейді. Еліміздегі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көп көңіл бөлінеді. Нақты бір отбасының анықталған күрделі мәселелеріне байланысты баланы патронаждық бақылау шараларының жеке жоспары әзірленіп және орындалу мерзімі көрсетілген отбасының жеке жоспары жасалынады.
Стандарт 0-ден бастап 18 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы, өлім-жітімі және мүгедектігінің профилактикасы мен оларды төмендету бойынша аталған шараларды жүргізуді көздейді.
Сонымен қатар, нәрестелерге стационарлық көмекті ұйымдастыруды жақсарту мақсатында балаларды жаңа туылған кезден бастап емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі белгіленді. Стандартта өңірлердегі ауыр халде жатқан және Республикалық медициналық ұйымдарға жатқызу жоспарланған нәрестелерді тасымалдаудың ережесі, сондай-ақ балаларға осы емдеу деңгейінде көрсетілетін медициналық қызметтің түрі және диагноз қоюдың қиын жағдайында немесе аурудың үдеуі кезінде баланы емдеудің тәсілдері белгіленді.
Анықтамалық: Стандартқа ақпарат көзі ретінде Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша 9 Қосымша енгізілді. Олардың ішінде негізгісі: Нәрестелерді және 5 жасқа дейінгі балаларды дәрігер/фельдшер және орта медицина қызметкері үй жағдайында және МСАК деңгейінде медициналық ұйымдарда қабылдауының жалпы бақылау сызбасы және 5 жасқа дейінгі балалар патронажының әмбебап-прогрессивті моделінің сызбасы.